28.07.2021, 11:08
Спорт
Токио-2020: боксшы Бекзат Нұрдәулетов те Олимпиаданы жалғастыра алмайды
Қазақстанның бокс құрамасында жеңілмеген үш боксшы ғана қалды
Фото ашық дереккөзден
Олимпиада ойындарында 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жатқан қазақстандық боксшы Бекзат Нұрдәулетов ресейлік боксшыдан жеңіліп қалды.
1/8 финалда жерлесіміз Ресей боксшысы Имам Хатаевпен шаршы алаңға шыққан. Бірінші раундтың нәтижесінде төрешілердің бесеуі де Хатаевты жеңді деп шешсе, екінші раундта үш төреші ұпайды Нұрдәулетовке берді. Үшінші раунд ресейлік боксшының жеңісімен аяқталды, қорытынды есеп 4:1.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық боксшылар сапынан Абылайхан Жүсіпов, Василий Левит, Надежда Рябец және Серік Теміржанов жеңілген болатын.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті