28.07.2021, 14:39
Спорт
Токио-2020: теннисші Елена Рыбакина әлемнің 9-ракеткасын жеңіп, жартылай финалға шықты
Ол Қазақстан қоржынына тағы бір медаль салды
Фото ашық дереккөзден
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина ширек финалда испандық Гарбинье Мугурусаны жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.
Бірінші сет 7:5 есебімен аяқталса, екінші сетте испан теннисшісі небәрі бір геймді өз пайдасына шеше алды. Қорытынды есеп 7:5, 6:1.
Айта кетейік, Елена Рыбакинаның бұл жеңісі Қазақстан қоржынына кем дегенде қола медаль салады. Жартылай финалда ол швейцариялық Белинда Бенчичпен кортқа шығады. Бенчич WTA рейтингінде 12-орында тұрған теннисші. Ал, Рыбакина 20-орында.
Көп оқылған
30.10.2026, 12:15
Шымкентте полицей мен әйел 17 пәтердегі жезөкшеліктен күніне 2 млн теңге «табыс» тапқан: «бизнесті» 16 жастағы қыз тоқтатты
30.10.2026, 16:00
Тоқаевтың Жолдаудағы тапсырмасынан кейін жалақысы өсетін және өспейтін дәрігерлер кім: ДСМ өкілі жауап берді
30.10.2026, 20:28
Петропавлдың қақ ортасында колледж оқытушысы бойжеткеннің алдында жалаңаштанып, әдепсіз әрекет жасаған
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды