25.07.2021, 14:47
Спорт
Токио-2020: ауыратлет Игорь Сон Қазақстан қоржынына екінші медальды салды
61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол үшінші орын алды
Olympic.kz
Қазақстандық ауыратлет Игорь Сон Токио Олимпиадасында Қазақстан қоржынына екінші медальды салды. Ол қос жаттығу нәтижесінде жарысты үшінші болып аяқтады.
Жұлқа көтеру жаттығуында жерлесіміз 131 келіні бағындырған. Ол 134 келіні де басынан асырғанымен, төрешілер мұны есепке алған жоқ. Осылайша ол бірінші кезеңді төртінші орынмен аяқтады.
Ал, серпе көтеруде Игорь Сон 163 келіні бағындырды. Қос жаттығудың есебінде 294 келімен ол үшінші орынға жайғасты. Бірінші орын қытайлық Ли Фабинге бұйырды.
Еске салайық, кеше дзюдошы Елдос Сметов Қазақстан қоржынына алғашқы медальды салған болатын. Ол Олиппиада ойындарының қола жүлдегері атанды.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 18:00
Ақтауда балықтан уланған тоғыз жасар бала 20 күннен кейін көз жұмды