Токио олимпиадасын қазақстандық телеарналар тікелей эфирде көрсетеді
Жарысты үш телеарнадан көруге болады
XXXII Жазғы Олимпиада ойындарының трансляциясына қатысты жапониялық «Dentsu Inc.» компаниясымен келіссөздердің нәтижелі аяқталды деп хабарлайды «Қазақстан» РТРК» АҚ баспасөз қызметі.
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы мен «Хабар» агенттігі» АҚ ел аумағында Токио Олимпиадасын және 2022 жылғы Пекинде өтетін Қысқы Олимпиада ойындарын көрсету құқығын иеленді. Келісімшарт қорытындысы бойынша трансляция құнын қолайлы бағада сатып алу туралы ортақ мәмілеге қол жеткізліді.
Қазақстандықтар 23 шілде мен 8 тамыз аралығында Токиода өтетін Жазғы Олимпиада ойындарын «Qazaqstan», «Qazsport» және «Хабар» телеарналарынан тікелей эфирде көре алады. Әлемдік сайыста Қазақстан құрамасынан спорттың 27 түрі бойынша 96 спортшы бақ сынайды.