Токио-2020: қазақстандық ескек есуші Владислав Яковлев екінші айналымға өтті

Бүгін тағы үш спортшымыз жарыс жолына шығады

Токио-2020: қазақстандық ескек есуші Владислав Яковлев екінші айналымға өтті

Бүгін Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Дегенмен, Жапония астанасында спорттық жарыстар екі күннен бері жалғасуда. Бүгін Қазақстан құрамасынан жарыс жолына бірінші болып академиялық ескек есуші Владислав Яковлев шығып, іріктеу кезеңінен сәтті өтті.

Іріктеу кезеңінде Яковлев мәре сызығын үшінші кесіп, 7:10:08 уақытын көрсетті. Бұл оның келесі айналымда, яғни ширек финалда өнер көрсетуіне жеткілікті.

Владислав Яковлев даниялық Сверре Нильсенд пен италиялық Дженнаро Альберто ди Мауроға ғана жол берді.

Бүгін астана уақытымен сағат 17:00-де Токио олимпиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Ал, оған дейін қазақстандықтар тарапынан садақ атушылар жарыс жолына шығады. Бүгін сағат 10:00-де мергендеріміз Денис Ганькин, Санжар Мұсаев және Ильфат Абдуллин іріктеу кезеңінде өнер көрсетеді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.