26.09.2026, 22:17
Спорт

Қазақстандық спортшы парадзюдодан әлем чемпионы атанды

Парадзюдодан әлем чемпионаты Тбилисиде 25-27 қыркүйек аралығында өтіп жатыр

Қазақстандық спортшы парадзюдодан әлем чемпионы атанды
Фото: Спорт комитеті

Қазақстандық спортшы Әлфия Тлеккабыл парадзюдодан әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Спорт комитетіне сілтеме жасап.

Ол Тбилисиде өтіп жатқан көру қабілеті бұзылған спортшылар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

Әлфия Тлеккабыл J1 санатында 52 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті. Финалдық белдесуде ол бразилиялық Де Андрадемен кездесіп, иппон әдісімен жеңіске жетті.

Чемпионаттың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы үш медаль иеленді. Әлфия Тлеккабылдың алтынынан бөлек, J1 санатында 70 келіге дейінгі салмақта Алықын Нұрдәулетов күміс жүлдегер атанды.

Ал J2 санатында 70 келіге дейінгі салмақта Ибрагим Нұрмаханұлы қола медаль жеңіп алды.

Парадзюдодан әлем чемпионаты Тбилисиде 25-27 қыркүйек аралығында өтеді. Жарысқа 44 елден 290 спортшы қатысып жатыр.