Азия чемпионаты: қазақстандық мерген стенд атудан қола медаль жеңіп алды
Ол финалда 28 нысананы дәл көздеді
Қазақстандық мерген Әсем Орынбай Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында стенд атудан қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Скиттен әйелдер арасында өткен жекелей сында қазақстандық спортшы финалда 28 нысананы дәл көздеп, үшінші орынға ие болды.
Алтын медальді 35 нысананы дәл көздеген Қытай өкілі Цзян Итин жеңіп алды. Таиланд спортшысы Исарапа Импрасертсук 31 нысананы атып, күміс жүлдеге қол жеткізді.
Қазақстанның тағы бір өкілі Зоя Пискун 18 нысананы дәл көздеп, алтыншы орынмен жарысты аяқтады.
Бұл – Әсем Орынбайдың осы Азия ойындарындағы екінші медалі. Бұған дейін ол Зоя Пискун және Адель Садақбаевамен бірге командалық есепте күміс жүлде иеленген.
Айта кетейік, Әсем Орынбай Азия ойындарында скиттен жекелей сында қатарынан екінші рет қола медаль жеңіп алып отыр. 2022 жылы Ханчжоуда өткен құрлық додасында да ол үшінші орын алған. Сонымен қатар сол жарыста қазақстандық спортшы әйелдер арасындағы командалық және аралас командалық сайыстарда алтыннан алқа таққан.