Триатлоннан гимнастикаға дейін: қазақстандықтардың 21 қыркүйектегі Азия ойындарындағы жарыс кестесі
Қазақстандық спортшылар 20-дан астам спорт түрінен жарыс жолына шығады
21 қыркүйекте Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан құрамасының қатысуымен жарыстар жалғасады. Қазақстандық спортшыларды жарысқа толы күн күтіп тұр. Триатлон, оқ ату, жүзу, каратэ және спорттық гимнастикадан жүлделер сарапқа салынады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚР ҰОК баспасөз қызметі қазақстандық спортшылардың жарыс кестесін жариялады. Уақыт Астана уақытымен көрсетілген. Спортшылар құрамы мен жарыстардың басталу уақыты өзгеруі мүмкін.
Шөптегі хоккей, әйелдер. Топтық кезең
Кім: Қазақстан – Оңтүстік Корея
Уақыты: 05:00
Триатлон. Аралас эстафета, финал
Кім: Диана Ержанова, Арлан Жанабай, Аида Ким, Егор Крупяков
Уақыты: 05:30
Оқ ату. 10 метрге пневматикалық мылтық, ерлер. Командалық жарыстың іріктеуі және финалы
Кім: Ислам Сәтпаев, Никита Шахторин, Константин Малиновский
Уақыты: 05:45
Оқ ату. 10 метрге пневматикалық мылтық, ерлер. Финал
Кім: Ислам Сәтпаев, Никита Шахторин, Константин Малиновский, финалға шыққан жағдайда
Уақыты: 08:30
Стенд атудан скит, ерлер. Іріктеу
Кім: Александр Мұхамедиев, Артем Седельников, Давид Почивалов
Уақыты: 06:00
Стенд атудан скит, әйелдер. Іріктеу
Кім: Зоя Пискун, Әсем Орынбай, Адель Садақбаева
Уақыты: 06:00
Жүзу, ерлер. 50 метрге шалқалап жүзу, іріктеу
Кім: Александр Румынский, Глеб Коваленя
Уақыты: 06:00
Жүзу, әйелдер. 50 метрге шалқалап жүзу, іріктеу
Кім: Ксения Игнатова, София Абубакирова
Уақыты: 06:08
Жүзу, ерлер. 50 метрге еркін жүзу, іріктеу
Кім: Глеб Коваленя, Әділбек Мусин
Уақыты: 06:14
Жүзу, ерлер. 100 метрге брасс, іріктеу
Кім: Айбат Мырзамұратов
Уақыты: 06:48
Жүзу, әйелдер. 200 метрге кешенді жүзу, іріктеу
Кім: Ксения Игнатова, София Абубакирова
Уақыты: 06:56
Жүзу, ерлер. 4×200 метрге еркін жүзуден эстафета, іріктеу
Кім: Глеб Коваленя, Максим Сказобцов, Федор Диденко, Әділбек Мусин
Уақыты: 07:04
Жүзу. Финалдар
Уақыты: 13:00-ден бастап
Үстел теннисі, әйелдер. Топтық кезең
Кім: Қазақстан – Мальдив аралдары
Уақыты: 06:00
ММА. Дәстүрлі стиль, ерлер, 65 келіге дейін. Жартылай финал
Кім: Санжар Әділов
Уақыты: 07:30
ММА. Modern, ерлер, 71 келіге дейін. Жартылай финал
Кім: Қадырбек Шынбаев
Уақыты: 08:40
ММА. Дәстүрлі стиль, ерлер, 77 келіге дейін. Жартылай финал
Кім: Еркінғали Бүркіталин
Уақыты: 08:50
Каратэ, ерлер, 67 келіге дейін. 1/8 финал
Кім: Алтынбек Олжас
Уақыты: 09:00
Каратэ, әйелдер, 61 келіге дейін. 1/8 финал
Кім: Әсел Қанай
Уақыты: 10:35
Волейбол, әйелдер. 5–8 орындар үшін матч
Кім: Қазақстан – Тайбэй
Уақыты: 09:00
Баскетбол 3×3, ерлер. Топтық кезең
Кім: Қазақстан – Шри-Ланка
Уақыты: 09:15
Баскетбол 3×3, ерлер. Топтық кезең
Кім: Қазақстан – Моңғолия
Уақыты: 10:30
Спорттық гимнастика, ерлер. Жекелеген снарядтардағы іріктеу және көпсайыс финалы
Кім: Ильяс Азизов, Дмитрий Патанин, Нұртан Ыдырысов, Милад Карими, Нариман Құрбанов
Уақыты: 10:30
Бадминтон, ерлер. Командалық турнир, 1/8 финал
Кім: Қазақстан – Жапония
Уақыты: 11:00
Су добы, әйелдер. Айналым турнирінің екінші матчы
Кім: Қазақстан – Жапония
Уақыты: 13:40
Ушу-саньда, әйелдер, 60 келіге дейін. 1/8 финал
Кім: Алина Шосова
Уақыты: 14:00
Ушу-саньда, ерлер, 60 келіге дейін. 1/8 финал
Кім: Кәрім Иминжанов
Уақыты: 14:00
Ушу-саньда, ерлер, 65 келіге дейін. 1/8 финал
Кім: Бексұлтан Көскенов
Уақыты: 14:00
Үстел теннисі, ерлер. Топтық кезең
Кім: Қазақстан – Лаос
Уақыты: 15:00