Бүгін, 03:42
Спорт

Тарихи сәт: Елена Рыбакина US Open турнирінің чемпионы атанды

Рыбакина карьерасында алғаш рет US Open турнирінің чемпионы атанып отыр

Тарихи сәт: Елена Рыбакина US Open турнирінің чемпионы атанды
Фото. ҚТФ

Дәл қазір Қазақстан теннисі үшін тарихи сәт орнады. Отандасымыз Елена Рыбакина US Open турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Елена Рыбакина финалда Беларусь теннисшісі Арина Соболенконы 6:4, 5:7, 6:2 есебімен басым түсті.

Кездесудің алғашқы сетінде қазақстандық теннисші бір брейк жасап, басымдық танытса, келесі сетте белорус спортшысы алға шықты. Ал ақтық сетте отандасымыз қарсыласына еш мүмкіндік қалдырған жоқ.

Елена Рыбакина карьерасында алғаш рет US Open турнирінің чемпионы атанып отыр.

Айта кетейік, Елена Рыбакина карьерасында алғаш рет US Open турнирінің чемпионы атанып отыр. Нью-Йорктегі бұл жеңіс Елена үшін «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі үшінші чемпиондық болды. Ол бұл санаттағы алғашқы жүлдесін 2022 жылы Уимблдон турнирінде жеңіп алған. Ал 2026 жылдың басында Australian Open чемпионы атанды.

Жуырда Елена Рыбакина WTA-ның live-рейтингінде Беларусь өкілі Арина Соболенкодан озып, әлемнің бірінші ракеткасы атанған. Енді US Open турниріндегі жеңісі арқылы рейтингтегі орнын 9901 ұпаймен нығайта түсті. Ал екінші орындағы Арина Соболенконы еншісінде – 7875 ұпай.