Қазақстандық гимнастшы Чехиядағы Гран-при кезеңінде күміс жүлде жеңіп алды

Көркем гимнастикадан Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Ақмарал Ерекешева Чехияда ел қоржынына күміс медаль сыйлады

Қазақстандық гимнастшы Чехиядағы Гран-при кезеңінде күміс жүлде жеңіп алды
Фото: ҰОК

Көркем гимнастикадан Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Ақмарал Ерекешева Чехияда өткен Гран-при кезеңінде ел қоржынына күміс медаль сыйлады, деп деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ұлттық олимпиадалық комитетіне сілтеме жасап.

Бағдарламаның барлық төрт түрі бойынша өнер көрсеткен отандық спортшы жалпы 116,500 балл жинап, тұғырдың екінші сатысына көтерілді.

Жарыс нәтижелеріне сәйкес, 117,900 балл жинаған украиналық гимнастшы Таисия Онофрийчук алтын медальды еншілесе, қола жүлде 108,250 балл нәтижесімен Польша өкілі Лилиана Левинскаяға бұйырды. Ал отандық спортшы Ақмарал Ерекешева жекелеген төрт бағдарламаның бәрінде де, яғни шышық, доп, шаршы сойыл және лента жаттығулары бойынша финалға шығып, жүлдеге таласу мүмкіндігіне ие болды. Сондай-ақ Ақмарал 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Аичи және Нагоя қалаларында өтетін ХХ жазғы Азия ойындарында ел намысын қорғайтын ұлттық құрама сапына енді.