05.09.2026, 21:23
Спорт

Айдана Құмартаева Оңтүстік Кореядағы таеквондодан Гран-при турнирінде қола жүлде жеңіп алды

Қазақстандық таеквондошы 49 келіге дейінгі салмақта жүлдеге ие болды

Айдана Құмартаева Оңтүстік Кореядағы таеквондодан Гран-при турнирінде қола жүлде жеңіп алды
Фото: ҚР ҰОК

Қазақстандық спортшы Айдана Құмартаева Оңтүстік Кореяның Муджу қаласында өтіп жатқан таеквондодан WT Гран-при әлемдік сериясы турнирінде қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарыстың алғашқы күнінде қазақстандық спортшы 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, жартылай финалға дейін жетті. Бұл кезеңде ол осы салмақтағы әлем чемпионы, Қытай Тайбэйінің өкілі Лю Ю-юньмен кездесті.

Тартысты өткен жекпе-жекте Лю Ю-юнь жеңіске жетті. Нәтижесінде Айдана Құмартаева турнирді қола медальмен аяқтады.

Жарысқа 46 елден 248 спортшы қатысып жатыр. Қазақстан атынан алты таеквондошы сынға түсуде.

Муджудағы турнир биылғы Гран-при сериясының екінші кезеңі саналады. Қорытынды кезең осы күзде Астанада өтеді.

Мақалада
#спорт #таэквондо