01.09.2026, 22:19
Спорт

Қазақстан құрамасы Польшадағы ат спорты турнирінде үш медаль жеңіп алды

Қазақстандық спортшылар бір алтын және екі күміс медаль иеленді

Қазақстан құрамасы Польшадағы ат спорты турнирінде үш медаль жеңіп алды
Фото: olympic.kz

Польшаның Вежбна қаласында Wierzbna Bialy Las халықаралық ат спорты турнирі аяқталды. Қазақстан құрамасының өкілдері бір алтын және екі күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жарыстың қорытынды күнінде қазақстандық спортшылар кедергілер биіктігі 120 сантиметр болатын CSI3* бағытында алғашқы екі орынды иеленді.

Раиса Соколенко Chevalier атты сәйгүлігімен қашықтықты айып ұпайынсыз өтіп, турнир жеңімпазы атанды. Shenanigan атты сәйгүлікпен өнер көрсеткен Олег Соколенко күміс медаль иеленді.

Үшінші орынды V-Querida of Vigo Z атты сәйгүлікпен өнер көрсеткен Польша өкілі Малгожата Кошуцка иеленді.

Бұған дейін Раиса Соколенко мен Chevalier кедергілер биіктігі 120 сантиметр болатын CSI1* бағытында да күміс жүлдегер атанған еді.