Екі сет бәрін шешті: Соболенко US Open-2026 турниріндегі алғашқы матчын өткізді
Беларусь теннисшісі қарсыласын екі сетте жеңіп, келесі айналымға шықты
Әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенко АҚШ ашық чемпионатының бірінші айналымында колумбиялық теннисші Камила Осориомен (WTA рейтингінде 59-орын) кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Sports.kz мәліметінше, Нью-Йорктегі «Артур Эш» стадионында өткен кездесу екі сетке созылып, Соболенконың пайдасына 6:2, 6:4 есебімен аяқталды.
Теннисшілер кортта барлығы 1 сағат 27 минут өткізді. Беларусь теннисшісі 2024 және 2025 жылдары жеңіп алған US Open чемпионы атағын қорғауды жалғастырып жатыр. Енді Соболенконың келесі қарсыласы әлемдік рейтингте 160-орында тұрған ресейлік Полина Яценко болады.
Яценко турнирдің бірінші айналымында WTA рейтингінде 74-орында тұрған мексикалық Рената Сарасуаны 4:6, 6:4, 7:6 (10:7) есебімен жеңді.