Арлан Жаңабай триатлоннан Азия кубогінде күміс жүлде иеленді

Спортшы мәреге 1 сағат 47 минут 07 секунд нәтижесімен екінші болып жетті

Арлан Жаңабай триатлоннан Азия кубогінде күміс жүлде иеленді
Фото: ҰОК

Түркістанда өткен триатлоннан Азия кубогінің кезеңінде Қазақстан құрамасының өкілі Арлан Жаңабай күміс медаль еншіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстандық спортшы Арлан Жаңабай мәреге 1 сағат 47 минут 07 секунд нәтижесімен екінші болып жетті. Бірінші орынды бейтарап ту астында өнер көрсеткен ресейлік Роман Минеев 1:46:38 нәтижесімен иеленді. Үздік үштікті 1:47:23 көрсеткішімен Жапония өкілі Рен Сато түйіндеді.

Ерлер арасындағы бәсекеде Қазақстан намысын қорғаған өзге спортшылар да жүлделі орындардан көрінді. Темірлан Теміров 9-орын, Дарын Қонысбаев 12-орын, Ельмұрат Қанай 23-орын, Максим Шмулич 29-орын, ал Алинаби Маралбеков 35-орын иеленді.

Қыздар арасындағы жарыста Қазақстан құрамасынан ең үздік нәтижені Диана Ержанова көрсетті. Ол 2 сағат 14 минут 43 секунд нәтижесімен 8-орынға тұрақтады. Арина Шульгина 12-орын, ал Аида Ким 13-орын алды.