06.07.2026, 06:26
Спорт
Норвегия сенсация жасап, Бразилияны әлем чемпионатынан шығарды
Эрлинг Холанд дубль авторы атанып, командасын ширек финалға алып шықты
Фото: © istockphoto.com
Норвегия құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалында Бразилияны 2:1 есебімен жеңіп, турнирдің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кездесудің басты кейіпкері Эрлинг Холанд болды. Норвегиялық шабуылшы екі гол соғып, командасының жеңісіне шешуші үлес қосты. Ал Бразилия бір ғана голмен жауап қайырып, матч тағдырын өзгерте алмады.
Осылайша, Норвегия әлем чемпионатының басты сенсацияларының бірін жасап, бес дүркін әлем чемпионы Бразилияны жарыс жолынан шығарды.
Ширек финалда Норвегия Англия мен Мексика арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 13:46
Алматыда ер адам бұрынғы сүйіктісін интимді суреттеріңді таратып жіберемін деп бопсалаған (ВИДЕО)
07.10.2026, 09:48
Қазақстанда алдағы бірнеше күнде ауа райы 27 градусқа дейін жылынады