03.07.2026, 12:48
Спорт
Қазақстандық балуандар жастар арасындағы Азия чемпионатында тағы үш медаль жеңіп алды
Үш балуан әртүрлі салмақта топ жарды
Фото: Olimpik.kz
Таиландтың Паттайя қаласында өтіп жатқан 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы сәтті өнерін жалғастырып жатыр. Кезекті жарыс күні отандық балуандар қоржынға тағы үш жүлде салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бозкілемдегі бәсекеде мына спортшыларымыз үздіктер қатарынан көрінді:
- Еркебұлан Анапия (82 кг дейін) – Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Ол финалдық белдесуде ирандық балуан Әлиреза Мұхаммед Хоссейниге есе жіберді.
- Алпамыс Болатұлы (60 кг дейін) – үшінші орын үшін өткен тартысты бәсекеде жапониялық Юсукэ Хиротуды қапы қалдырып, қола медаль иеленді.
- Максим Украинцев (97 кг дейін) – ұлттық құрама қоржынына тағы бір қоланы салды. Ол жұбаныш финалында қытайлық палуан Синью Люді жеңіп, тұғырдың үшінші сатысына көтерілді.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 13:46
Алматыда ер адам бұрынғы сүйіктісін интимді суреттеріңді таратып жіберемін деп бопсалаған (ВИДЕО)
07.10.2026, 09:48
Қазақстанда алдағы бірнеше күнде ауа райы 27 градусқа дейін жылынады