Төрт жылдан кейін әйелдер футболы ең танымал спорттар қатарына кіреді - БҰҰ

2026 жылы әйелдер спортының табысы 3 миллиард долларға жетеді деген болжам бар

Төрт жылдан кейін әйелдер футболы ең танымал спорттар қатарына кіреді - БҰҰ
Фото: pixnio.com

Әйелдер спортына деген қызығушылық артып келеді. 2023 жылғы әйелдер арасындағы футболдан әлем чемпионаты 2 миллиардқа жуық көрермен жинап, әйелдер арасындағы спорттық жарыстар тарихында рекордтық көрсеткішке жеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy БҰҰ зерттеуіне сілтеме жасап.

Болжам бойынша, 2030 жылға қарай әйелдер футболы жанкүйерлерінің саны 800 миллионнан асады, сондықтан әлемдегі ең танымал бес спорт түрінің қатарына кіруі мүмкін.

Мысалы, 2025 жылы Ұлыбритания тұрғындары әйелдер жарыстарының трансляциясын 397 миллион сағат тамашалап, оның аудиториясы рекордтық 48 миллион адамға жетті. Ал АҚШ-та көрермендер дәл осы кезеңде әйелдер спортын 46 миллиард минут бойы қараған.

Аудиторияның осындай жоғары қызығушылығына қарамастан, әйелдер спортына прайм-таймда эфир уақытының тек 8%-ы ғана беріледі. Ал іс жүзінде ол осы уақыттағы барлық спорттық контент көрілімінің 13%-ын қамтамасыз етіп отыр. Бұл дегеніміз саланың орасан зор әлеуеті арын көрсетеді.

2026 жылы әйелдер спортының табысы 3 миллиард долларға жетеді деген болжам бар, бұл төрт жыл бұрынғы көрсеткіштен 340%-ға артық. Алайда, әйелдер спортындағы табыстың өсуі еңбекақы теңдігіне әкелген жоқ. Мысалы, Forbes журналының нұсқасы бойынша 2025 жылғы әлемдегі ең көп табыс табатын 50 спортшының тізімінде бірде-бір әйел жоқ.

2023 жылы әйелдер арасындағы футболдан әлем чемпионатының жүлде қоры 2019 жылмен салыстырғанда 300%-ға өскенімен, ол әлі де Катарда өткен ерлер арасындағы әлем чемпионатының қатысушыларына үлестірілген 440 миллион доллардың үштен біріне ғана тең.

Қазіргі футболдың басты парадоксы да осында, бүгінде миллиардтап рекордтық табыс әкеліп отырған спорт саласы әйелдерге әлі күнге дейін тең қаржылық мүмкіндік ұсына алмай келеді.