Қазақстандық боксшылар U-15 Азия чемпионатында 24 медаль жеңіп алды
Жеті алтын медаль және жалпыкомандалық есепте үшінші орынға табан тіреді
Ташкентте World Boxing ұйымының қолдауымен өтіп жатқан 15 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 24 медаль еншіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Команда қоржынында жеті алтын, сегіз күміс және тоғыз қола жүлде бар.
Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы жалпы 10 медаль жеңіп алды. Оның ішінде бесеуі – алтын. Азия чемпионы атанғандар: Бейбарыс Қойшыбай (43 келі), Нұрислам Бақтубаев (55 келі), Рауан Тоғызбай (61 келі), Аманжан Жанай (67 келі) және Аян Бауыржан (70 келі).
Күміс медальдарды Саят Рахымберді (33 келі), Жақсылық Ермекұлы (35 келі) және Айбын Мәжит (+70 келі) иеленді. Ал Сұлтанғали Нұрмахан (37 келі) мен Дінмұхамед Молдахан (64 келі) қола жүлдегер атанды.
Қазақстанның қыздар құрамасы турнирді 14 медальмен аяқтады. Самал Төлепберген (52 келі) мен Нұргүл Сахи (67 келі) Азия чемпиондары атанды.
Күміс жүлдені Нұржанат Бекназар (37 келі), Сабрина Әділханова (46 келі), Аруна Шалман (55 келі), Аяру Файзуллаева (61 келі) және Көркем Ғалым (+70 келі) жеңіп алды. Ал Аяжан Марат (33 келі), Айша Насанова (35 келі), Диана Мендигараева (40 келі), Сезім Нұрлыбек (43 келі), Ардақ Әбдіхан (58 келі), Ясмин Джаутханова (64 келі) және Еркеназ Ерболқызы (70 келі) қола жүлдеге ие болды.
Бейресми медаль кестесінде Қазақстан құрамасы үшінші орынға тұрақтады. Турнир жеңімпазы – Өзбекстан құрамасы.