29.04.2026, 00:28
Спорт
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында ескек есуден 16 медаль жеңіп алды
Жарыс жеңімпаздары атанғандар – Стелла Суханова мен Ольга Шмелева
Фото: olympic.kz
Қытайдың Хэфэй қаласында байдарка мен каноэде ескек есуден Азия чемпионаты аяқталды. Бұл додада Қазақстан құрамасы 16 медаль иеленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ҰОК-ке сілтеме жасап.
Команданың қоржынында 2 алтын, 5 күміс және 9 қола жүлде бар.
Азия чемпионатында алтын медаль алғандар: Стелла Суханова – 1000 метр қашықтықта байдаркада жеке жарыста, ал Ольга Шмелева – 200 метр қашықтықта байдаркада жеке сайыста топ жарды.
Алтын
- Стелла Суханова, байдаркада жеке жарыс (1000 м)
- Ольга Шмелева, байдаркада жеке жарыс (200 м)
Күміс
- Артем Терещенко мен Ольга Шмелева, байдаркада екілік (аралас, 500 м)
- Ольга Шмелева мен Татьяна Токарницкая, байдаркада екілік (500 м)
- Бекарыс Раматулла, байдаркада жеке жарыс (500 м)
- Кирилл Тубаев, байдаркада жеке жарыс (5000 м)
- Стелла Суханова, байдаркада жеке жарыс (5000 м)
Қола
- Тимофей Емельянов мен Владислав Руденко, байдаркада екілік (1000 м)
- Мария Бровкова, каноэде жеке жарыс (500 м)
- Виктор Степанов, каноэде жеке жарыс (200 м)
- Сергей Емельянов мен Алишер Хаетов, каноэде екілік (500 м)
- Бекарыс Раматулла мен Дмитрий Холмогоров, байдаркада екілік (500 м)
- Сергей Емельянов мен Руфина Искакова, каноэде екілік (аралас, 500 м)
- Стелла Суханова, байдаркада жеке жарыс (500 м)
- Мария Бровкова, каноэде жеке жарыс (5000 м)
- Эвелина Костенко, Ольга Шмелева, Татьяна Токарницкая және Стелла Суханова, байдаркада төрттік (500 м)
Көп оқылған
19.06.2026, 11:49
Досын құтқарамын деп, өзі сотталып кетті: Щучинск тұрғыны сотта өтірік айтқаны үшін басы дауға қалды
19.06.2026, 10:02
Талдықорғанда есірткі таратып жүрген ерлі-зайыпты ұсталды (ВИДЕО)
19.06.2026, 09:28
Димаш Құдайберген соңғы қоңырауда ұстазымен бірге билеген «алтын белгі» иегеріне тосынсый жасады
19.06.2026, 14:19
Астанада қоқыс төгетін жүк көліктері дронның көмегімен табылды (ВИДЕО)
19.06.2026, 09:54
Келісімнің екінші күні: Ормуз бұғазынан 12,5 млн баррель мұнай тиеген кемелер кедергісіз өтті
19.06.2026, 15:39
Шахтинскіде екі зейнеткер құдыққа түсіп кетті