Қазақстандық пара спортшылар әлемдік гран-при сериясында 11 медаль еншіледі
Додаға 57 елден 750-ден астам спортшы қатысты
Марокконың Рабат қаласында пара жеңіл атлетикадан Гран-приде қазақстандық пара спортшылар 1 алтын, 4 күміс және 6 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Атап айтқанда, диск лақтырудан F-53 класында өнер көрсеткен Махамбет Серикалиев жеңімпаз, ал Санат Есмахамбет қола жүлдегер атанды.
Мейіржан Мақшат T-46 класында ұзындыққа секіруден күміс жүлдені еншіледі. 200 м қашықтыққа жүгіруден Мейіржан Мақшат(T-46) пен Аман Өстібаев (T-36) жарыстың қола жүлдесіне ие болды.
Найза лақтырудан Мұқан Айтмырзаев (F-55) пен Махамбет Серикалиев (F-53) қола жүлде жеңіп алды.
Ядроны серпуден Дастан Мұқашбеков (F-36), Равиль Мансұрбаев (F46) және Мұқан Айтмырзаев (F-55) күміс медаль еншілесе, Диана Шапошникова (F-40) қола медаль жеңіп алды.
Айта кетсек, тірек-қимыл аппараты, көру қабілеті зақымданған және интеллектуалды даму ерекшеліктері бар спортшылар арасында өткен пара жеңіл атлетикадан Гран-при жарысы 23-25 сәуір аралығында өтті. Аталмыш додаға 57 елден 750-ден астам спортшы қатысты.