01.04.2026, 18:01
Спорт

«Барселона» Қазақстаннан шыққан жас талантпен келісімшартқа отырды – Mundo Deportivo

15 жастағы футболшы 2022 жылы Испанияға көшіп барған

«Барселона» Қазақстаннан шыққан жас талантпен келісімшартқа отырды – Mundo Deportivo
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Испанияның әйгілі «Барселона» командасы қазақстандық жас талант Кәрім Меңдіқановты қатарына қосатын болды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Mundo Deportivo басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Испан басылымының мәліметінше, Меңдіқанов қазірдің өзінде «Барселонамен» келісімшартқа отырған және келесі жазда клуб қатарына қосылады.

Белгілі болғандай, ол 2022 жылы Испанияға көшіп, содан бері Каталонияда жаттығып келеді. Ол өткен маусымды Каталон лигасында Cerdanyola командасының құрамында бастап, биыл Sant Cugat FC командасында жалғады.

«Меңдіқанов оң қапталда ойнайды және жылдамдығы, дриблинг шеберлігі, қарсыласты алдау қабілеті ерекше. Ол өз лигасында ең үздік пас берушілердің бірі болып саналады және креативті ойынымен ерекшеленеді.

Ойыны көптеген команданың қызығушылығын тудырды. Бірінші дивизион командаларынан түскен ұсыныстардан бас тартып, «Барселонаның» ұсынысын таңдады және қазіргі командасының рұқсатымен «Барселонаның» кейбір жаттығуларына қатысып жүр», – деп жазады басылым.