$ 497.56  586.92  6.44
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Президент үш алтын алған Кристина Шумекованы құттықтады

Конькимен жүгіруші спортшы Кристина Шумекова абсолютті әлем чемпионы атағына ие болды

Президент үш алтын алған Кристина Шумекованы құттықтады
Фото: olympic.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жасөспірімдер арасында конькимен жүгіруші Кристина Шумекованы тамаша жетістігімен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысы жасөспірімдер арасында конькимен жүгіруден өткен әлем біріншілігінде тамаша өнер көрсеткен Кристина Шумекованы құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев Кристина Шумекованың үш алтын медаль мен абсолютті әлем чемпионы атағына ие болуын отандық спорт тарихындағы ерекше оқиға ретінде бағалады», - делінген баспасөз хабарламасында.

Президенттің айтуынша, атлет мұндай табысқа талант пен табанды еңбектің, темірдей тәртіп пен жеңіске деген мұқалмас жігердің арқасында жетті. Сондай-ақ ол Кристинаның алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді.