$ 497.56  586.92  6.44
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстандық конькиші екі дүркін әлем чемпионы атанды

Басқа отандастарымыз да жақсы нәтиже көрсетті

Қазақстандық конькиші екі дүркін әлем чемпионы атанды
Фото: ҰОК

Германияның Инцелль қаласында өтіп жатқан конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Кристина Шумекова екінші «алтынын» жеңіп алды. Отандасымыз бұл жолы 1500 метр қашықтықты бағындырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Бұған дейін 500 метрлік қашықтықта топ жарған Кристина Шумекова 1500 метрлік бәсекеде де айқын басымдық көрсетті. Ол 1:56.06 уақыт көрсеткішімен мәреге жетіп, өзінің жеке рекордын жаңартты.

Бұл Қазақстан құрамасы үшін тарихи жеңіс болды. Жарыс қорытындысы бойынша жүлдегерлер тізімі:

1-орын: Кристина Шумекова (Қазақстан) – 1:56.06;

2-орын: Джанин Роснер (Австрия) – 1:56.36;

3-орын: Аяно Секигучи (Жапония) – 1:57.97.

Айта кетейік, аталған қашықтықта бақ сынаған басқа да отандастарымыз жақсы нәтиже көрсетті:

  • Анастасия Беловодова – 13-орын;
  • Алина Шумекова – 28-орын;
  • Варвара Глухова – 32-орын.

Енді Кристина Шумекованың қоржынында жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының екі алтын медалі бар.

Мақалада

#Германия #жарыс