Boxam Elite-2026: спортшыларымыз 17 медаль иеленді
Олар 6 алтын медальді қоржынға салды
Испанияның Ла-Нусия қаласында өткен Boxam Elite-2026 халықаралық турнирі аяқталды. Қазақстан ұлттық құрамасы бұл додада айқын басымдық танытып, жалпы есепте 17 жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Boxam Elite-2026 нәтижесі
Қазақстандық былғары қолғап шеберлері финалдық сында жоғары деңгей көрсетіп, 6 алтын медальді қоржынға салды. Жеңімпаздар тізімі:
- Санжар Ташкенбай (50 келіге дейін);
- Махмуд Сабырхан (55 келіге дейін);
- Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін);
- Нұрбек Оралбай (85 келіге дейін);
- Айбек Оралбай (90 келіден жоғары);
- Умида Садықова (80 келіден жоғары).
Турнирдің финалдық кезеңінде тағы 5 боксшымыз күміс жүлдеге ие болса, 6 спортшы қола жүлдені еншіледі.
Күміс жүлде иелері: Аман Қонысбеков, Сағындық Тоғамбай, Нұрасыл Асылхан, Панар Сейітханқызы, Назерке Серік.
Қола жүлде иелері: Тимур Нұрсейітов, Азамат Бектас, Нұрбек Мұрсал, Нұрзат Оңғаров, Гузаль Садықова және Елянур Тұрғанова.
Қазақстан құрамасының бұл жетістігі алдағы ірі халықаралық жарыстар алдындағы дайындықтың жоғары деңгейде екенін көрсетті.