$ 494.63  583.22  6.42
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Азия чемпионаты: велоспортшылар қоржыны тағы бір күміспен толықты

Ұлттық құрама жүлдегерлер қатарынан көрінді

Азия чемпионаты: велоспортшылар қоржыны тағы бір күміспен толықты
Фото: gov.kz

Сауд Арабиясында өтіп жатқан тасжолдағы велоспорттан Азия чемпионатында ұлттық құрама жүлдегерлер қатарынан көрінді. Бұл жолы қазақстандық спортшылар командалық жарыста үздік үштікке енді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Әл-Қассим қаласында өтіп жатқан доданың кезекті күнінде «элита» санатының спортшылары арасында аралас командалық жарыс ұйымдастырылды. 31,6 шақырымға созылған қашықтықта Қазақстан намысын мына спортшылар қорғады:

  • Рината Султанова және Мансур Бейсембай;
  • Мария Елькина және Евгений Федоров;
  • Ангелина Буренкова және Николя Винокуров.

Мәре сызығын екінші болып кескен отандастарымыз күміс жүлдені иеленді. Бұл сында алтынды Гонконг құрамасы алса, қола жүлде Қытай спортшыларына бұйырды.

Қазақстан құрамасының жалпы көрсеткіші

Айта кетейік, бұл турнир Қазақстан құрамасы үшін сәтті басталды. Бұған дейін ерлер арасындағы жекелей сында (31 км) Азия ойындарының жеңімпазы Евгений Федоров алтын, ал Николя Винокуров күміс жүлде алған болатын. Сонымен қатар, U23 санатында Мансур Бейсембай Азия чемпионы атанды.

Қазіргі уақытта Қазақстан қоржынында 3 алтын және 2 күміс медаль бар.

Велоспорттан құрлықтық дода 12 ақпанға дейін жалғасады.