$ 502.57  591.68  6.42
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.12.2025, 11:50
Спорт

Министр қазақ спортшыларының Милан Олимпиадасына киіп шығатын формасын таныстырды (ФОТО)

Форма бюджеттен тыс қаражат есебінен сатып алынған

Министр қазақ спортшыларының Милан Олимпиадасына киіп шығатын формасын таныстырды (ФОТО)
Фото: Үкімет

Қазақстанның туризм және спорт министрлігі ұлттық құраманың Италияда өтетін қысқы Олимпиада ойындарында киетін формасын таныстырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың айтуынша, жұмыс комиссиясы спорттық киім-кешектің эскизін бекіткен, қазір ол Халықаралық Олимпиада комитетімен келісіліп жатыр.

«Киім-кешек жиынтығына спортшылардың ашылу және жабылу салтанатына қатысуға арналған киім формасы, сондай-ақ спорттық іс-шара кезінде пайдалануға арналған жылы сырт киім кіреді.  Сондай-ақ спорттық жаттығуларға, дене қыздыруға және күнделікті қолдану үшін спортшыларға арналған жаттығу және күнделікті киімдер кіреді», - деді ол Үкімет отырысында.

Жалпы, спорттық киім-кешектер жиынтығы 22 атауды қамтиды. Форма бюджеттен тыс қаражат есебінен сатып алынды, деп атап өтті Мырзабосынов.

Серіктес жаңалықтары