$ 522.38  612.6  6.54
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.12.2025, 19:42
Спорт

Бибосынов пен Асылқұлов әлем чемпионы атанды

Сәкен Бибосынов ресейлік боксшыны нокдаунмен ұтты

Бибосынов пен Асылқұлов әлем чемпионы атанды
Фото: pixabay

Қазақстандық боксшылар Сәкен Бибосынов пен Оразбек Асылқұлов Дубайда өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 54 келіде жұдырықтасқан Бибосынов финалда ресейлік Вячеслав Рогозинді төрешілер шешімімен жеңді. Ол екінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберді.

Асылқұлов 57 келіде әлем чемпионы болды. Қазақстандық финалда тәжікстандық Хусравхон Рахимофтан басым түсті.

Еске сала кетейік, қазақстандық төрт боксшы әлем чемпионатының финалына шыққан болатын. Енді сағат 19:45-те Абылайхан Жүсіпов (71 кг) тағы бір ресейлік Сергей Колденковпен жұдырықтасады. Ал қазақстандықтар арасындағы соңғы жекпе-жек 20:00-де басталады: Сабыржан Аққалықов (75 кг) Исмаил Муцольговпен (Ресей) кездеседі.

Серіктес жаңалықтары