20.11.2025, 17:27
Қоғам
Әнші Меруерт Түсіпбаеваның отбасы қара жамылды
Өнер иесі әкесінен айырылды
Фото: instagram.com/meruert_tusupbaeva/
Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, әнші, актриса Меруерт Түсіпбаеваның әкесі 88 жасында бақилық болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қаралы хабарды әнші өз парақшасына жазған. Балғабай Түсіпбаев бүгін, 20 қараша күні жан тапсырған.
«Әкем фәни жалғаннан озды. Әдетте, «88 жас деген той ғой» деп жұбатады жақындар, осы сөздермен келісіп тұрсаң да , қоштасу қандай қиын. Әкем мені төрт қызының ішінен бөліп , ерекше жақсы көрді», - деп жазған әнші жеке парақшасына.
Балғабай Түсіпбаев Баянауыл өңірінде өнер иесі болған. Ол баян мен домбыра аспаптарын шебер меңгерген екен.

Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды
06.10.2026, 22:44
Оба індеті: Ресей ДДСҰ-ға маңызды мәлімдеме жасады
06.10.2026, 20:21
Қайтадан қар жауып, үсік түседі: 7 қазанға ауа райы болжамы