20.11.2025, 10:45
Қоғам
Астанада тұмау жұқтырған науқастар дәрігерге онлайн қаралатын болды
Ал ауруханадағы дәрігерлер бетпердесін үш сағат сайын ауыстыруы керек
Фото: istockphoto.com
Астананың бас санитарлық дәрігері Айгүл Шағалтаеваның қаулысына сай, қаладағы медициналық мекемелер тұмаудың белгілері бар науқастарды онлайн тексереді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Ал, ауруханада адамдарды емдеп жүрген дәрігерлер бетпердесін әр 3 сағат сайын ауыстырып отыруы тиіс.
Адамдар көп жиналатын орындардың иелері ауаны зарарсыздандыруға міндеттелді. Ауруханалардағы ішкі температура +18°С-тан төмен болмауы тиіс.
Бұған дейін хабарлағынымыздай, Астанада тұмаудың өршуіне байланысты емханалар жексенбі күні де жұмыс істейтін болды.
Көп оқылған
20.11.2026, 11:28
«Арасында доллар да бар»: Атырауда ойнап жүрген бір топ бала көшеден өте көп ақша тауып алған
20.11.2026, 13:08
Телефонын тартып алып, үш жыл бойы қорлаған: келінін өлімге жеткізген ене бес жылға сотталды
20.11.2026, 16:46
Астанадағы атышулы самса цехы жабылды: журналистерге шабуыл жасаған әйелдің былығы әшкере болды
20.11.2026, 15:41
Бес айлық сәбиді өлтірген қылмыскер әлі табылмады: полиция расымен видеоны өшіруді талап еткен бе
