$ 519.41  600.85  6.41
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 10:00
Қоғам

Қарағанды мен Шымкентте мемлекеттен көмек алғысы келген 665 бай отбасы анықталды

Олар жалға алған тұрғын үйдің жалдау ақысына кететін шығынның жартысын алып отырған

Қарағанды мен Шымкентте мемлекеттен көмек алғысы келген 665 бай отбасы анықталды
Фото: istockphoto.com

Қарағанды облысы мен Шымкент қаласында 665 ауқатты отбасы мемлекеттен арендалық үй алып, оның арендасына төленетін ақшаның жартысын қайтадан бюджеттен алғысы келген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

Айта кетейік, қазір Қарағанды облысы мен Шымкент қаласында отбасылардың әл-ауқатын анықтауда скорингтік модель жүріп жатыр. Соған сай жергілікті атқарушы органнан көмек алғысы келген отбасылар алты санатқа бөлінеді. Әр санатына сай олардың кейбір көмектері қысқаруы мүмкін. Ал, осы модельдегі алтыншы санат – ауқатты отбасылар санаты. 2 және одан да көп үйі бар, 2 және одан да көп көлігі бар, жеке кәсіпкерлігі немесе компаниясы бар және бір отбасы мүшесіне шаққандағы айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 4 деңгейінен асатын отбасылар – әл-ауқат деңгейі жоғары 6-санатқа жатады. Мұндай отбасылар жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын қосымша әлеуметтік қолдау шараларын ала алмайды.

«Пилоттық жоба аясында тұрғын үй көмегі түріндегі қолдау алу үшін 1 762 адам өтініш білдіріп, барлық өтініштер қанағаттандырылды. Ал, жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялауға 1 739 өтініш түскен. Олардың ішінде  665 отбасы әл-ауқатты болып шыққан», - деп хабарлайды министрлік.

Серіктес жаңалықтары