20.11.2025, 10:36
Жаңалықтар
Астанада тұмаудың өршуіне байланысты емханалар демалыс күндері де жұмыс істейтін болды
Тұмауға байланысты арнайы қаулы қабылданды
Фото: istockphoto.com
Астана қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Айгүл Шағалтаева тұмаудың өршуіне байланысты арнайы қаулы қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қаулы бойынша мынандай міндеттер орындалуы тиіс:
- Үйге шақыртуларды қамтамасыз ету үшін жағдай жасау (қосымша автокөлік құралдарын бөлу, жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету, тіркеу бөлімінің кезекшілік режимін ұйымдастыру);
- Медициналық персонал мен пациенттердің маска режимін сақтауын қамтамасыз ету;
- Пациенттердің емханада болу уақытын шектеу, науқастарды қабылдауға арналған қосымша кабинеттерді бөлу;
- Аумақта және Алғашқы медициналық-санитариялық көмек (бұдан әрі – МСАК) көрсету ғимараттарына кіреберістерде сүзгі-кабинеттер үшін қажетті жағдайлардың болуы;
- МСАК сүзгі-кабинеттерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету;
- ЖРВИ, ТТА, АЖРИ және тұмау белгілері бар адамдарды дәрігердің қарауы мен емдеу шараларын тағайындау үшін арнайы бөлінген бөлмеге оқшаулау (қажет болған жағдайда зертханалық тексеруге жағынды алу және т.б.), сондай-ақ пациентті амбулаториялық немесе стационарлық емдеуге жіберу;
- Жүкті әйелдер мен 1 жасқа дейінгі балаларда ЖРВИ, тұмау және олардың асқынулары (пневмония) белгілері байқалған жағдайда үйге шақыртуларды бірінші кезекте орындау, күнделікті патронаж жүргізу және дер кезінде госпитализациялауды қамтамасыз ету;
- Қосымша телефондар орнату және үйге шақыртуларды орындауды қамтамасыз ету, тұмауға күдікті, ауыр және орташа ауыр деңгейдегі ЖРВИ бар науқастарға консультациялық көмек көрсету және қажет болғанда госпитализациялау;
- Медициналық ұйымдардың жұмыс уақытын денсаулық сақтау ұйымдарының ішкі актілеріне сәйкес 08:00-ден 20:00-ге дейін, демалыс және мереке күндері 08:00-ден 18:00-ге дейін ұзарту;
Көп оқылған
24.05.2026, 06:14
Түркиядағы туристер көп баратын аймақта жер сілкінді
24.05.2026, 08:28
«Айыппұл төлеу» туралы SMS-тен сақ болыңыз: алаяқтар қазақстандықтарды жаппай алдап жатыр
24.05.2026, 10:03
Еліміздің жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды
24.05.2026, 10:35
Өскеменде дүкен өртеніп, құтқарушылар жойқын жарылыстың алдын алды
24.05.2026, 11:15
Азия чемпионаты: отандастырымыз грек-рим күресінен алты медаль еншіледі