$ 521.01  603.43  6.42
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 17:25
Қоғам

Астанада балалар арасында вирус күшейді: ауруханалар төсек-орынды көбейтіп жатыр

Күн сайын қабылдау бөліміне 500 пациент келеді дейді дәрігер

Астанада балалар арасында вирус күшейді: ауруханалар төсек-орынды көбейтіп жатыр
Фото: istockphoto.com

Астанадағы №3 көпбейінді балалар ауруханасында вирус жұқтырған балалар көбейді. Қазір медициналық мекеме төсек-орын санын ұлғайтқан. Бұл туралы аурухана директоры Марат Абдуов мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, инфекциялық стационар 288 төсек-орынға есептелген, алайда кішкентай пациенттердің көбеюіне байланысты төсек-орын 453-ке дейін көбейтілген. Оның 243-і – вирустық инфекциясы бар балаларға арналған.

Қазір стационардың қабылдау бөліміне тәулік сайын 450–500 науқас келеді екен. Бірақ солардың 20–25%-ы ғана ауруханаға жатады. Қалғандары дәрігердің кеңесімен үйде емделуге жіберіледі.

«Біздің инфекциялық стационар төсек-орын санын 550-ге дейін ұлғайтуға дайын, резервтеріміз де бар, дәрі-дәрмек те жеткілікті», – дейді инфекциялық аурухананың басшысы.

Абдуов ата-аналарға қабылдау бөліміне көп жиналмауға кеңес берді, өйткені ол жерде басқа вирустарды жұқтыру қаупі жоғары.

Балада ауру белгілері байқалған жағдайда учаскелік дәрігерге, фильтр-кабинеттерге, емханалардың шұғыл көмек бөлімшелеріне жүгінуге немесе мобильді бригада шақыруға болады.

Серіктес жаңалықтары