Биыл диқандар 27 миллион тонна астық жинайды – Тоқаев
Президент ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне ризашылығын білдірді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумында сөз сөйлей отырып, алдымен ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақорда жазғандай, президент ең алдымен барша ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне кәсіби мерекесімен құттықтаған. Сондай-ақ президент ауыл шаруашылығы әрдайым мемлекет назарында екенін еске салды.
«Халқымыз «Егін ексе – ел тоқ» деп бекер айтпаған. Былтыр біз мол астық алып, соңғы он жылдағы рекордтық көрсеткішке қол жеткіздік. Биыл да күзгі жиын-терін берекелі болды. Диқандарымыз 27 миллион тонна астық жинады. Әр аймақ ел қамбасына мол үлес қосты. Соның ішінде Ақмола облысы ең жоғары көрсеткішке (7,5 миллион тонна) ие болды», - деді Тоқаев бүгін форумда.
Айта кетейік, президент қыркүйек айында егін орағының барысын өзі тексерген еді.