$ 524.65  607.02  6.48
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 11:22
Қоғам

Қазақстан Биволдың экс-әйелін Ресеймен бірге іздеп жатыр

Әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалған

Қазақстан Биволдың экс-әйелін Ресеймен бірге іздеп жатыр
Фото: жеке парақшасынан

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелі Екатерина Биволды іздеу жұмыстары бойынша ресейлік полициямен байланыс орнатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әділов Екатерина Биволдың үстінен қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті. Қазір тергеу жүріп жатыр.

«Қазір халықаралық іздеу жарияланды. Сырттай қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасы қабылданды. Біз арнайы арналар арқылы Ресей полициясының қызметкерлерімен байланыстамыз. Әр қарай егер Биволдың әйелі ұсталса, біз Бас прокуратура органдары арқылы ақпарат алып немесе экстрадиция мәселелерін шешеміз», - деді ол Сенат кулуарында.

Естеріңізге салайық, Екатерина Бивол әлеуметтік желіде әртүрлі ұлт өкілдеріне, соның ішінде қазақтарға да тіл тигізіп қорлаған. Көрші Қырғызстан елі оны қамауға алуға ордер берді.

Серіктес жаңалықтары