$ 495.28  518.41  5.44
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.06.2020, 15:37
Қоғам

Нұр-Сұлтанда 8 мың үлескер көптен күткен пәтеріне көшеді

Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов мәлім етті

Нұр-Сұлтанда 8 мың үлескер көптен күткен пәтеріне көшеді
Сурет әкімдіктің жеке парақшасынан алынды

Биыл Нұр-Сұлтан қаласында былтырғымен салыстырғанда, екі есе көп үй салынады. Осылайша, 8 мың үлескер көптен күткен баспаналарының кілтін алып, құжаттарын реттейді. Бүгін қаладағы проблемалы нысандарды аралаған қала әкімі Алтай Көлгінов осылай хабарлап отыр.

Әкімнің хабарлауынша, үлескерлер ақша салған «кей үйлердің қазаншұңқыры ғана бар болса, кейбіреуінің үй қаңқасы ғана тұр».  

«Бүгін «Қорғалжын орамы», «Триумф Есіл-2», «Тұран Сығанақ» нысандарына бардым. Инвесторлар анықталды. "Қорғалжын орамында" құрылыс жұмыстары қайта басталды. Қалған екі үйде құрылыс жұмыстары келесі айда, шарттарға қол қойылғаннан кейін басталады. Биыл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп үй салып, пайдалануға береміз. 8 мың үлескері бар 20 үйдің тұрғындары өз пәтерлеріне кіріп, тұрғын үй құжаттарын алады», - деп жазған Көлгінов әкімдіктің әлеуметтік желідегі ресми парақшасына.

Серіктес жаңалықтары