Мәдениет министрлігінің жауапты хатшысы мен департамент басшысына сот үкімі шықты

Жарияланған:
30.10.2019, 19:57

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы Қ.Уәлиев, осы министрліктің Әкімшілік департаментінің экс-директоры Е.Дәржібаев сот үкімімен 8 және 7 жылға бас бостандығынан айырылды 

Фотода Қуатжан Уәлиев, zakon.kz

Пара алған ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы С.Уәлиев, осы министрліктің Әкімшілік департаментінің экс-директоры Е.Дәржібаев сотталды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлайды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қ.С.Уәлиевке, министрліктің Әкімшілік департаментінің директоры Е.Т. Дәржібаевқа, «ҚазАқпарат» баспа корпорациясы» ЖШС президенті Қ.Қ.Ботбайға қатысты ірі көлемде пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады», - делінген хабарламада.

Қ.Уәлиев және Е.Дәржібаев екеуі Қ.Ботбайдан діни тақырыпқа әдебиет басып шығару бойынша мемлекеттік тапсырыс шартын жасау арқылы көрсеткен жалпы көмегі үшін 37 мың АҚШ доллары мөлшерінде пара алды деген күдікке ілінген болатын.

30 қазанда Нұр-Сұлтан қалалық №2 сотының үкімімен Қ.Уәлиев пен Е.Дәржібаевқа 8 және 7 жылға бас бостандығынан айыру туралы сот үкімі шықты. Сондай-ақ осы үкіммен Қ.Ботбай 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Біздің ең маңызды және қызықты жаңалықтарды біздің Telegram-каналдан оқыңыз
Өзге де қызықты мақалалар
Алматыда кәріз қызметінің құны қымбаттауы мүмкін
Оралда 200-ге жуық көшенің атауы өзгереді
Қазақстанда азық-түлік бағасы 10 пайызға қымбаттады

Сұхбат
«Абайдың 45 сұрағына» Арыстанбек Мұхамедиұлы жауап берді 
Абайдың 45 сұрағына алғаш болып жауап берген - Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов
Бүгінде Кореяда жұмыс істеп жатқан қазақтардың саны артып келеді. Күнкөріс қамымен шетел асып барғандардың көпшілігі визасыз жұмыс істеп жүр.
Бүгін әлемнің бірінші және екінші ракеткалары Новак Джокович пен Рафаэль Надаль Нұр-Сұлтан қаласындағы «Барыс Арена» спорт кешінінде үлкен теннистен қайырымдылық матчын өткізеді