30.10.2019, 18:41
Қоғам
Ұлттық төлем жүйелері арқылы минут сайын 5,4 млрд теңгеден астам ақша өтеді
Жыл басынан бері Ұлттық Банктің төлем жүйелері арқылы 597,2 трлн теңге сомаға 30,6 млн транзакция жүргізілді
Фото: ашық дерек көзінен
Күн сайын ұлттық төлем жүйелері арқылы жалпы сомасы 3,3 трлн теңгеге 167,7 мың төлем жүргізіледі, яғни минут сайын операциялық күндері 5,4 млрд теңгеден астам ақша өтеді.
«Тұтастай алғанда, 2019 жылы Ұлттық Банктің төлем жүйелерінің жұмыс істеу коэффициенті 99,99%-ды құрады. Бұл белгіленген нысаналы көрсеткіштерден асады және төлем жүйелері жұмыс істеуінің жоғары тиімділігін сипаттайды», - деп хабарлады Ұлттық Банктің Төлем жүйелері департаментінің директоры Ерлан Ашықбеков.
2019 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанның төлем нарығында барлығы 17 төлем жүйесі жұмыс істейді.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды