$ 530.47  613.75  6.56
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
31.10.2025, 17:29
Қоғам

Бас прокуратура қарттар мен олардың бала-шағасына маңызды үндеу арнады (ВИДЕО)

Қариялар алаяқтарға көп алданады

Бас прокуратура  қарттар мен олардың бала-шағасына маңызды үндеу арнады (ВИДЕО)
Фото: gov.kz

Қазақстанның Бас прокуратурасы еліміздегі үлкен кісілер мен олардың бала-шағасы үшін маңызды үндеу жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

Бас прокуратура алаяқтар қарттардың цифрлық және қаржылай сауатсыздығын пайдаланып, оларды алдап соғады дейді.

«Құрметті қарттар мен олардың балалары және немерелері! Алаяқтар ақшаңызды алып, атыңызға несие рәсімдеу үшін телефон соғып, өздерін банк, полиция, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, әкімдік, тауар жеткізу немесе пошта қызметкері ретінде таныстырады», - дейді Бас прокуратураның ресми өкілі.

  • Құзырлы орган сондықтан қарттар үшін бірнеше кеңес айтқан:
  • Бейтаныс адамдармен сөйлеспеңіз.
  • Егер қоңырау соққан адам Сізге «танысыңызбын» немесе өзін «танысыңыздың досымын» деп таныстырса және шұғыл түрде ақша сұраса, не болмаса сіздің қаражатыңызбен қандай да бір операция жасауға немесе телефоныңызға жіберілген сілтеме арқылы біреуге дауыс беруге өтінсе, қоңырауды тез арада өшіруді ұмытпаңыз, содан кейін сенімді болу үшін танысыңызға қайта қоңырау шалып, ол бұл туралы шынымен сұрағанын тексеріп көріңіз. E-Gov немесе Kaspi.kz қосымшасы арқылы өз атыңызға несие рәсімдеуге немесе қарыз алуға тыйым салыңыз.

«Есіңізде болсын! Банктің қызметкерлері телефон арқылы ешқашан Сізге жеке ақшаңыз туралы айтпайды, SMS кодтарын немесе карта деректерін сұрамайды, қорқынышты сөздермен («Сіздің атыңызға несие рәсімделді», «Сіздің шотыңыз бұзылды») видеоқоңырау шалмайды. Егер Сіз ұялы телефоныңызға досыңыздан сілтеме алсаңыз, оны ашпаңыз, алаяқтар оның телефонын пайдаланып отыруы әбден мүмкін. Танысыңызға қайта қоңырау шалып, тексеріп көріңіз. Телефоныңыздағы SMS кодтар мен банк қолданбасының кодтарын ешкімге бермеңіз», - дейді Саян Әбденов.

Серіктес жаңалықтары