Қарашада Қазақстанның кейбір өңірлерінде күн 25 градусқа дейін жылынады
Дегенмен, күздің соңғы айында күн райы құбылмалы болады
«Қазгидромет» қараша айына арналған ауа райы болжамын жариялады. Дереккөзге сүйенсек күздің соңғы айында күн райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
«Қазгидрометтің» мәліметінше, айдың алғашқы күндерінде солтүстік циклонның әсерінен елдің басым бөлігінде жауын-шашын, қар аралас жаңбыр жауады. Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде қар жауып, боран соғады.
Батыс өңірлерде
Айдың алғашқы онкүндігінде түнгі температура +2...+7°С-тан -2...-7°С-қа дейін төмендейді, күндіз +10...+18°С жылы болады. Онкүндіктің соңында +15...+25°С-қа дейін жылы райы болады.
Солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда
Қарашаның ортасында түнде -7...-15°С, күндіз -2...-10°С суық болады.
Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде
Ауа райы құбылмалы болады. Түнде 0...-5°С, кей жерлерде -13°С дейін төмендеп, күндіз 0...+8°С шамасында болады. 7 қарашадан кейін күн +5...+15°С дейін жылы қалпын сақтайды
Айдың екінші және үшінші онкүндігінде
Температура түнде -10...-18°С, күндіз -8°С дейін төмендейді. Ең суық күндері түнде -20°С, күндіз -10°С шамасында болуы ықтимал.
Батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс жартысында күндіз +8...+18°С дейін жылынатын кезеңдер байқалады. Жалпы, қараша айында Қазақстан бойынша орташа ауа температурасы нормадан шамамен 1°С жылы болады деген болжам бар.