$ 530.07  615.2  6.58
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.10.2025, 12:48
Қоғам

«Қыз қыз екенін, ұл ұл екенін біліп өсу керек»: Жаңбыршин ЛГБТ насихатына тыйым салу мәселесін қозғады

Бала кішкентай кезінен өзінің кім екенін біліп өсуі керек деп санайды депутат

«Қыз қыз екенін, ұл ұл екенін біліп өсу керек»: Жаңбыршин ЛГБТ насихатына тыйым салу мәселесін қозғады
Фотоколлаж: Әбілқасым Есентаев/Azattyq Ruhy

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Еділ Жаңбыршин Қазақстанда ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салу қажет екенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«ЛГБТ өкілдері «біздің құқығымыз тапталып жатыр» дейді, біз «сіздің құқығыңыз тапталып жатқан жоқ, бізде ЛГБТ-ға тыйым жоқ, біз оны насихаттауға тыйым салу мәселесін көтеріп жатырмыз» дейміз.  Ол екеуі екі бөлек нәрсе. Сондықтан оның аражігін ашып алу керек. Ал жалпы олардың ойлары, пікірлері бізге белгілі», - дейді Жаңбыршин Мәжіліс кулуарында.

Депутаттың айтуынша, бала тәрбиесін тек мектепке, мұғалімдерге ғана ысырып қою дұрыс емес.

«Тәрбие отбасынан басталады. Отбасында ұлттық құндылықтар болуы керек, салт-дәстүрге көбірек мән беру керек. Қыздың қыз екенін, ұлдың ұл екенін бала кезінен бастап тәрбиелеуіміз керек. Кейбір отбасыларда қызға ер баланың киімін немесе ер балаға қыздың киімін кигізіп қояды, ол дұрыс емес. Бала өзінің кім екенін кішкентай кезінен біліп өсуі керек. Сол кезде ғана біз ұрпағымызды сақтап қаламыз», - дейді мәжілісмен.  

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Еділ Жаңбыршин