24.10.2025, 10:26
Қоғам
Қызылордада әйелінің киім-кешегін өртеп жіберген азамат 3 ай бойы қатаң бақылауда жүреді
Сот оның 3 ай бойы ішімдік ішіп, есірткі тартпауын қадағалайды
Фото: istockphoto.com
Қызылорда облысы Сырдария ауданының соты мас күйінде әйеліне былапыт сөз айтып, отбасының берекесін қашырған, тіпті, ұрыс кезінде әйелінің киім-кешегін өртеген азаматты соттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Ол 5 күн қамалады, одан кейін 3 ай бойы ішімдік ішпей, есірткі тартпауы керек.
«Азамат кінәсін мойындады. Сот оны 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алды. Сот азаматтың мінез-құлқына 3 ай мерзімге алкогольдік ішімдік ішуге, есірткі, психотроптық заттарды қолдануға толық көлемде тыйым салуды міндеттейтін ерекше талап белгіледі», - деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.
Зәбір көрген әйел күйеуінің бұл әрекетін кешірмейтінін айтқан.
Көп оқылған
04.11.2026, 17:54
Қуандық пен Сағындық: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Қозыке әулетінің құпиясын жайып салды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:09
Павлодарда мектеп басшылығы екі оқушы қыздың зорланғаны туралы полицияға хабарлаған
04.11.2026, 09:00
Түркия, Оңтүстік Корея, Ресей: биыл әлемнің қай елдерінде қазақстандықтар көз жұмды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды