Бұл туралы министр бүгін Мәжіліс кулуарында мәлім етті
Екінші тоқсан бастала сала оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барады. Бұл туралы министр бүгін Мәжіліс кулуарында журналистердің оқушылар арасында өлім-жітімге қатысты сұрақтарына жауап бере отырып мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Мен үшінші қараша күні Жамбыл облысына іссапармен бара жатырмын. Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің есебі бар, Бас прокуратураның есебі бар, ішкі істер министрлігі және депутаттар бірігіп, үйлестіру кеңесін өткіземіз», - деп мәлім етті Сүлейменова.
Министр бұл облыста оқушылар төбелесіп, бірнеше бала көз жұмғанын білемін дейді. Оның үстіне, министр сол балалардың біразы тіпті «қауіп аймағында» болған.
«Ең өкініштісі, жергілікті атқарушы органдар бала құқықтары жөніндегі уәкілдің, ішкі істер министрлігінің айтқан ұсыныстарын назарға алмаған. Сондықтан, менің іссапарым Жамбыл облысынан басталады. Іссапардың мақсаты – оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтарды болдырмаудың жолдарын саралау және соны аяғына дейін жеткізу», - деді министр.
Естеріңізге сала кетейік, қыркүйекте Жамбыл облысында екі оқушы төбелестен көз жұмды. Оның бірі - оныншы сыныпта оқыса, екінші бала 9-сынып оқушысы еді.