$ 540.84  634.46  6.43
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жамбыл облысында бірнеше жасөспірім төбелесіп, біреуі қаза тапты

Футбол матчы жанжалға ұласты

Жамбыл облысында бірнеше жасөспірім төбелесіп, біреуі қаза тапты
Фото: © istockphoto.com

Жамбыл облысының Шу ауданында жасөспірім қайғылы жағдайға тап болды. Көкқайнар ауылында 10 және 11-сынып оқушылары арасындағы футбол матчы жанжалға ұласып, соңы қылмыстық іске айналды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Қақтығыс қалай өрбіді?

Оқиға футбол ойынынан кейін басталған.

  • 10-сынып оқушылары жеңіске жеткеннен кейін жоғары сыныптың үш оқушысы наразы болып, қарсыластарын дүкен жанына жинаған.
  • Жанжал барысында 11-сынып оқушысы 10-сыныптағы қарсыласына кеуде тұсынан соққы жасаған.
  • Зардап шеккен бала есінен танып қалған.

Оны үйіне жеткізген соң, ата-анасы дәрігер шақырғанымен, жасөспірім жедел жәрдем келмей жатып көз жұмған.

Полиция тергеуді бастады

Жамбыл облыстық ПД мәліметінше, қазір Қылмыстық кодекстің 106-бабы («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

«Оперативті іс-шаралар барысында 17 және 16 жастағы екі күдікті анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде», – деді полиция өкілдері.

Серіктес жаңалықтары