14.10.2025, 15:55
Қоғам
Жамбыл облысында 730 оқушыны дәрігерге тексертпеген 10 мектеп қатаң жазаланды
Бұл балаларды профилактикалық тексеруден өткізу үшін 20 млн теңге бөлінген еді
Фото: istockphoto.com
Жамбыл облысында прокурорлар кәмелетке толмағандарды медициналық тексеруден өткізу кезінде тіркелген заңсыздықтарды жойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Дереккөзге сүйенсек, Талас ауданындағы 10 мектеп міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында оқушыларды тексерту керек болған.
«Алайда, биыл аудандағы 10 білім беру ұйымы 730 оқушыны арнайы медициналық тексеруден өткізбеген, осылайша, олардың құқығын шектеген. Прокуратураның қадағалау актісінің негізінде мемлекетке 20 млн теңге қайтарылды, балалардың бәрі тексеруден өтті», - деп хабарлайды прокуратура.
Көп оқылған
26.11.2026, 11:04
«Жейдесінің сау тамтығы қалмаған»: Атырауда әйелін 28 жерінен пышақтаған ер адамның сотында сұмдық айғақтар жария болды
26.11.2026, 09:05
Бүгін түнде Алматыда бес адам, соның ішінде бір бала тірідей жанып кетті
26.11.2026, 14:30
«Папам мамама пышақ тықты»: Атырауда әкесі үш жасар қызын бір тәулік бойы мәйіттің жанына жалғыз тастап кеткен
26.11.2026, 13:49
«Қаза тапқан бала 4-сыныпта оқитын қыз еді»: Алматыдағы алапат өрттің куәгерлері қорқынышты түнді еске алды
