$ 540.06  628.25  6.61
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 09:47
Қоғам

«Кімнің қанша алғанын ашық көреміз»: Жаңа жылдан бастап Қазақстанда су онлайн сатылады (ВИДЕО)

Бұл туралы Нұржан Нұржігітов мәлім етті

«Кімнің қанша алғанын ашық көреміз»: Жаңа жылдан бастап Қазақстанда су онлайн сатылады (ВИДЕО)
Фото: istockphoto.com

Жаңа жылдан бастап Қазақстанда суармалы су алатын шаруалар мен «Қазсушар» арасындағы келісімшарттардың бәрі электронды формаға ауысады. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Кімнің қанша су алғанын және қанша қаражат төлегенін біз нақты білуіміз керек. Ортада жүрген делдалдарды аламыз. Келесі жылдан бастап барлық келісімшарт электронды формаға ауысуы керек. Төлемді де электронды түрде қабылдау қажет. Каналдың басында жүріп, шаруалардан ақша жинауды тоқтату керек», - дейді Нұржан Нұржігітов.

Осылайша, министрдің сөзіне сенсек, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап суармалы су беру бойынша «Қазсушар» мен шаруалар арасындағы келісімшарттар тек онлайн форматта жасалады.

 

Серіктес жаңалықтары