$ 540.06  628.25  6.61
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.10.2025, 15:05
Қоғам

Әкімдік қала құрылысын өз бетінше өзгерте алмайды – министр

Нақты жобалау жоспарындағы кез келген өзгеріс қоғамдық тыңдаудан өтеді

Әкімдік қала құрылысын өз бетінше өзгерте алмайды – министр
Фото: ЖИ арқылы жасалды/ChatGPT

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Алматы қаласында құрылыс ережелері қалай қатаңдағанын түсіндірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, енді нақты жобалау жоспарлары міндетті мемлекеттік сараптамадан өтеді, ал әкімдіктер ережелерді өз бетінше өзгерте алмайды. Бұл талап Алматыға ғана емес, жалпы барлық өңірге қатысты.

«Яғни, бастапқыда бекітілген бас жоспарды әкімдік өз қалауы бойынша түзете алмайды. Екіншіден, бұрын мысалы Алматыда кез келген жер учаскесінің жоспарын өзгертуге болатын, учаскенің көлемі маңызды рөл атқармайтын. Ал енді нақты жобалау жоспарына өзгеріс енгізу немесе түзету ұсыну үшін жер учаскесінің аумағы кемінде 10 гектар болуы тиіс. Бұл нені білдіреді? Енді ешкім де жеке бір бизнес-орталық немесе көпқабатты үй сала алмайды, ол үшін кемінде 10 гектар аумақ қажет», - деді Нағаспаев Мәжіліс кулуарында.

Министр Алматыда қоғамдық кеңес құрылғанын, енді нақты жобалау жоспарына енгізілетін кез келген өзгеріс немесе жаңа нысан салуға қатысты түзетулер міндетті түрде қоғамдық тыңдаудан өтетінін атап өтті. Қоғамдық тыңдау өткізілмейінше, мұндай жобалар қабылданбайды.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Құрылыс #әкімдік