$ 547.57  642.63  6.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 12:52
Қоғам

Бірнеше баланың өлімінен кейін Жамбыл облысының полициясында ауыс-түйіс болды

Облыстың полиция департаментін енді Қайсар Сұлтанбаев басқарады

Бірнеше баланың өлімінен кейін Жамбыл облысының полициясында ауыс-түйіс болды
Фото: Жамбыл облысының полиция департаменті

Президент әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрінің бұйрығымен Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы болып Қайсар Сұлтанбаев тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Полиция департаментінің жаңа басшысын бастығын жеке құрамға Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха және Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев таныстырды. Қайсар Әбілекұлы Сұлтанбаев ішкі істер органдарында 1990 жылдан бастап қызмет атқарады. Әр жылдары Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды және Қостанай облыстарында басшылық қызметтер атқарған», - деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, қыркүйек айында Шу ауданының Көкқайнар ауылында 10 және 11-сынып оқушылары арасындағы футбол матчы жанжалға ұласып, соңы төбелеспен аяқталды. Жанжал барысында 11-сынып оқушысы 10-сыныптағы қарсыласына кеуде тұсынан соққы жасаған. Зардап шеккен бала есінен танып қалған. Оны үйіне жеткізген соң, ата-анасы дәрігер шақырғанымен, жасөспірім жедел жәрдем келмей жатып көз жұмған.

Арада көп ұзамай мектеп дәретханасында төбелес болып, 9-сынып оқушысы кеуде тұсына тиген соққыдан тіл тартпай кетті.

Осы қайғылы оқиғалардан кейін өңірлік прокуратура облыс әкімі, әкімдер мен құқық қорғау органдарының басшыларын жинап, кеңес өткізген еді.

Серіктес жаңалықтары