$ 549.06  644.87  6.66
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 09:30
Қоғам

Астана тұрғыны Instagram-дағы суретін заңсыз алған компаниядан 369 мың теңге өндіріп алды

Іс Астана сотында қаралған

Астана тұрғыны Instagram-дағы суретін заңсыз алған компаниядан 369 мың теңге өндіріп алды
Фото: istockphoto.com

Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты авторлық құқықты бұзу ісі бойынша шешім шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Астана соттарының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Іске сәйкес, талап қойған азамат өзінің Instagram парақшасында өзі жасаған фотоиллюстрациясын жариялаған. Алайда, бір компания оны өзінің ресми сайтына автордың рұқсатын алмай жариялап қойған. Компания сотқа дейінгі талап жіберген соң автордың атын қосқан.  

«Сот отырысында жауапкер авторлық шарт жасалғанын дәлелдей алмады. Осыған байланысты сот жауапкердің әрекетін авторлық құқықты бұзу деп таныды. Жауапкердің фотосурет ашық интернетте қолжетімді болғандықтан оны еркін пайдалануға болады деген уәжі негізсіз деп танылды. Сот құқық бұзушылықтың сипатын ескеріп, талапты ішінара қанағаттандырды. Авторлық құқықты бұзғаны үшін жауапкер 100 айлық есептік көрсеткіш (369 200 теңге) мөлшерінде өтемақы төлеуге міндеттелді», - деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.

Шешім заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары