ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.09.2025, 15:44
Қоғам

Былтыр Қазақстанда 231 мыңнан астам адам онкологияға қатысты бақылауда болған – ДСМ

Дегенмен, өлім-жітім әлдеқайда азайған

Былтыр Қазақстанда 231 мыңнан астам адам онкологияға қатысты бақылауда болған – ДСМ
Фото: istockphoto.com

Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне сәйкес, 2024 жылы 231 мыңнан астам онкологиялық пациент динамикалық бақылауда болған, деп хабарлады Azattyq Rýhy 

Соңғы бес жылда ракқа шалдыққандар 18%, алғаш рет анықталған жағдайлар 39% өскен. Дегенмен өлім көрсеткіші 16,5% төмендеді.

«Диагностика мен емдеудің тиімділігін арттыру үшін ядролық медицинаны дамыту жөніндегі жол картасы қабылданды. Ол ұйымдастырушылық және инфрақұрылымдық іс-шараларды, заңнаманы жетілдіруді, жаңа диагностикалық және тераностикалық технологияларды енгізуді, радиофармпрепараттар өндірісін кеңейтуді және мамандар даярлауды қамтиды. Қазіргі таңда ПЭТ-аппараттардың басым бөлігі (16-ның 12-сі) Астана мен Алматыда орналасқан. 2028 жылға қарай олардың саны 27-ге жетеді деп күтіледі», - деп хабарлайды ДСМ.

Дереккөзге сүйенсек, бес ірі қалада радионуклидтік терапияға арналған 100-ден астам белсенді палата ашылады.

«Бүгінде елімізде йод-131 арқылы ем жүргізетін 23 палата бар, ал қажеттілік 101-ді құрайды. 2028 жылға дейін олардың саны 98-ге артып, пациенттердің 48%-ын қамтуға мүмкіндік береді. Жаңа терапия түрлері де кезең-кезеңімен енгізіледі: 2028 жылдан бастап — лютеций-177, 2029 жылдан бастап — самарий-153, 2031 жылдан бастап — актиний-225 қолданылмақ», - деп хабарлайды министрлік.

Серіктес жаңалықтары