Бүгін, 11:44
Қоғам
Үкімет «ұқыпты» азаматтарға 6,2 млн гектар жерді бөліп берген
Бұл – президенттің тікелей тапсырмасы еді

Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев
Ауыл шаруашылығы министрлігі пайдаланылмай жатқан және заңсыз берілген жерлерді мемлекет меншігіне қайтарып, шын жұмыс істейтін азаматтарға бөліп беріп жатыр. Министрліктің мәліметіне сүйенсек, 6,2 млн гектар жер ұқыпты игеретін азаматтарға берілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
2022 жылдан бері 13,7 млн га жер мемлекетке қайтарылды.
- Оның ішінде 6,2 млн га жер жаңа жер пайдаланушыларға беріліп, ауыл шаруашылығы айналымына қосылды.
- 7,5 млн га жерді бөлу жұмыстары дайындық кезеңінде тұр.
2025 жылға жоспар:
- Қайтарылуы тиіс 2 млн га жердің 1,67 млн гектары қазірдің өзінде мемлекет меншігіне өтті.
- Келесі жылдың ортасына дейін барлық қайтарылған жерлер өндіріске енгізіліп, инвестициялық айналымға тартылып, жаңа жұмыс орындарын ашуға пайдаланылмақ.
Тексеру жұмыстары:
- Жыл басынан бері 2,1 млн га аумақта 1 497 тексеру жүргізілді.
- Нәтижесінде 1,6 млн га жерге 1 112 нұсқама берілді, 357,9 мың га жер игерілуде, 44,9 мың га жерді мәжбүрлеп қайтару істері қаралып жатыр.
Жаңа тәсілдер:
- Жерді бөлу, мониторинг және пайдалану процестері толық цифрландырылмақ.
- Барлық ауыл шаруашылығы жерлері тек электронды форматта берілетін болады.
- Жер комиссиясы алынып тасталып, ашық конкурс арқылы автоматты балл есептеу жүйесі енгізіледі.
Цифрлық карта:
- «Мемлекеттік жер кадастры деректерін қалыптастыру» жобасы аясында бірыңғай ашық карта жасалып жатыр.
- Қазірдің өзінде 197,9 млн га жер учаскесі цифрландырылып, ашық қолжетімді болды.
Жоба 2025 жылдың соңына дейін толық аяқталады.
Бұл шаралар Президент Жолдауында жүктелген міндеттерді орындауға бағытталған: әділ жер бөлу, спутниктік мониторинг пен жасанды интеллект қолдану, жерді тиімді игерушілерді қолдау және инвестиция тарту.
Серіктес жаңалықтары
Көп оқылған
29.09.2025, 09:56
Тоқаев министрлерді неге ауыстырды: Ақорда ауыс-түйістің себебін айтты
29.09.2025, 17:25
Әнші Бейбіт Қорған ұшақта ішіп алып, шу шығарды – дереккөз
29.09.2025, 07:51
«Мұрныңнан ағып кетпесін»: Қайрат Нұртастың «дауысы жоқ» деген адамға әншінің анасы шүйлікті
29.09.2025, 09:42
Шұғыл: Жұлдыз Сүлейменова оқу-ағарту министрі болып тағайындалды